"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА АЭА ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ МАҚСАТЫНДА "ЕРСАЙ" КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ КЕЛДІ

 Ағымдағы жылдың 9 қазанында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына АЭА қызметімен танысу мақсатында "ЕРСАЙ" компаниясының Бас директоры Ғазиз Баймұхамедов келді.

Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев инвесторларды мемлекеттік қолдау құралдарымен, негізгі қызмет бағыттарымен және АЭА-ны одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды.

Кездесуге Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының орынбасары А. Т. Айтжанова да қатысты.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 125